Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстан мемлекетінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа телеграмма жолдап, Манғыстаудағы трагедияға байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелевич, Каспийде Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезіндегі қайғылы оқиғаға байланысты терең көңіл айтуымды қабыл алыңыз. Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына шын жүректен жанашырлық пен қолдау сөздерін жеткізуді сұраймын. Ресей олардың қайғысы мен мұңын бөліседі», — деді Путин.

Бұған дейін «Курсив» Манғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша құрылған Үкіметтік комиссияның отырысы өткенін жазған болатын.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов баяндағандай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі («Қызметке немқұрайлы қарау, ауыр зардаптарға әкеп соққан») және 465-бабы («Кеме жүргізу ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Каспийдегі трагедия 24 қыркүйекте оқу-жаттығу кезінде болды. Ауа райы нашарлағанда теңізге 17 әскери қызметшіні ағызып әкетті. Он екі адам қаза тапты, үшеуі құтқарылды, тағы екеуін іздеу жалғасуда.

Әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша Қазақстанның Бас прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.

Бұған дейін елдің Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскерилердің толық тегі тізімін жариялаған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырып, 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.