Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспийдегі әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің Каспийдегі оқу-жаттығулары барысында болған қайғылы оқиғаға байланысты терең қайғырып көңіл айтамын», — делінген жеделхатта.

Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 12 әскери қызметші қаза тапты, үшеуі құтқарылды, тағы екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанда 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.