Ресей президенті Владимир Путин Ресейді Украинадағы қақтығысқа әдейі итермелегенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Путиннің айтуынша, Ресей қолына қару алғысы келмеген.

«Мұны біз қалаған жоқпыз және соғысты да біз бастаған жоқпыз, керісінше, бізбен соғыса бастады. Ресейді бұл жағдайға әдейі жеткізгеніне сенімдімін. Бізге жасалған айқын агрессияға жауап ретінде қару алып, өзімізді қорғауға мәжбүр болдық», – деді ол «Валдай» халықаралық пікірталас клубының XXIII жыл сайынғы отырысының пленарлық сессиясында.

Ресей президенті Украинадағы қақтығысты реттеу жолдарын бірлесіп іздеуге шақырды.

«Мен бұған дейін де өз сөзімде айтқанымдай, тату өмір сүрейік және бұл мәселені қалай шешуге болатынын бірге іздейік», – деді ол.