Ресей президенті Владимир Путин «Ресей халықтары» халықаралық апталығының пленарлық отырысында сөз сөйлеп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Халықаралық «Ресей халықтары» апталығы 2-8 қараша аралығында өтеді. Оның мақсаты – Ресей Федерациясының көпұлтты халқының бірлігін нығайту және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту.
Владимир Путиннің 2026 жылдың 1 маусымындағы жарлығына сәйкес, апталық дәстүрлер мен мәдени-тарихи мұраны сақтау және ұқсас рухани және адамгершілік құндылықтарды құптайтын елдер арасында тікелей диалогты дамыту мақсатында жыл сайын өткізіледі.
