Ресей, АҚШ және Украина арасындағы Абу-Дабидегі үшжақты келіссөздер сейсенбі, 10 қарашада басталуы керек, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Келесі аптада, сейсенбіде, Біріккен Араб Әмірліктерінде Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөздер басталуы керек», — деді Путин Ресей Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерімен жиында.
Ол Ресейдің БАӘ басшылығына украиналық реттеу бойынша келіссөздерді өткізгені үшін алғыс айтатынын жеткізді.
Бұған дейін АҚШ президентінің өкілі Стив Уиткофф тараптар Абу-Дабидегі келіссөздерде қауіпсіздік кепілдіктерін, шиеленісті азайтуды, гуманитарлық мәселелерді және бейбіт жолмен шешуге бағытталған қадамдарды талқылауды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.
Кремль өз кезегінде келіссөздерге Ресей делегациясының қатысатынын растады. Оны президенттің көмекшісі Владимир Мединский басқарады.
