Ресей президенті Владимир Путин орыс тілін ТМД-ның бүкіл кеңістігін біріктіретін күш деп атады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Достастықтың кең байтақ аумағындағы қуатты біріктіруші күш – орыс тілі. Бүгін бұл туралы да айтылды», – деді ол.
Тоқаевқа алғыс
Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру бастамасы үшін алғыс білдірді.
«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, осындай пайдалы құрылымды құруды ұсынған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тағы да ризашылығымды білдіремін», – деді ол шағын құрамдағы кездесу барысында.
Ұйым жұмысы 2026 жылы басталды
Путин ұйымның жұмысы 2026 жылы басталғанын еске салды.
Оның атап өтуінше, Мәскеуде ұйымның алғашқы министрлік отырысы өтіп, ортақ орыстілді мәдени-гуманитарлық мұраны сақтау, сондай-ақ орыс тілін әлемде танымал ету және кеңінен тарату бағыттары айқындалған.
Владимир Путин бастаманы қолдаған ТМД елдерінің басқа да басшыларына алғыс айтты.
