Санкт-Петербургте Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен кездесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесуде Путин Трампқа Украинадағы мәселеге назар аударғаны үшін алғыс айтып, Норвегиядағы келіссөздердің нәтижесін сұрады. Президент Трамптың соңғы әңгімесінде адам шығынын тоқтату үшін Украинадағы қақтығысты тоқтату қажеттілігіне баса назар аударғанын атап өтті.
Сонымен қатар Путин Ресейдің АҚШ-пен экономикалық ынтымақтастықты қалпына келтіру тақырыбына қызығушылығын білдірді. Ресей басшысы Ирандағы дағдарыс бойынша жағдайға бей-жай қарамайтынын, Мәскеу дағдарысты шешуге көмектесуге дайын екенін атап өтті.
