АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков бір жарым сағатқа созылған телефон әңгімесінің қорытындысын жариялады. Оның айтуынша, Трамп Путинді туған күнімен құттықтады.

Ресей басшысы АҚШ-пен диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Ресей мұнай өнімдерін АҚШ пен әлемдік нарықтарға жеткізуге дайын екенін растады.

Путин арнайы әскери операцияның мақсаттары өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Киевтің әрекеттері келіссөздерді дереу қайта бастау мүмкіндігіне кедергі келтірген.

Трамп Мәскеудің ұстанымын Майамиде өтетін кездесуде Украина делегациясына жеткізуге уәде берді. Сонымен қатар Ресей Ираннан жоғары байытылған уранды қабылдауға бұрынғысынша дайын екенін білдірді.

Путин дағдарысты әлі де дипломатиялық жолмен шешуге болады деп санайды. Егер екі президент те қатысса, олар Қытайда өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында кездесуі мүмкін.

Әзірге кездесудің нақты күні талқыланбаған.