Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь басшысы Александр Лукашенко жұма күні Украинадағы соғыстың шиеленіскен кезеңінде келіссөздер жүргізеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу екі ел арасындағы одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған. Соңғы айларда Беларусь Ресейдің Украинадағы әскери операциясын қолдап, өз аумағын ресейлік әскерлерді орналастыруға рұқсат берді.