Ресей президенті Владимир Путин Беларусь басшысы Александр Лукашенконы туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кремльдің сайтында жарияланған құттықтау мәтінінде: "Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Көп жылдар бойы мемлекет басшысы қызметінде аянбай еңбек етіп, бауырлас Беларусьтің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан табысты дамуына және халықаралық аренадағы мүдделерін қорғауға зор үлес қосып келесіз", — делінген.
Путин Ресей мен Беларусьтің Еуразия кеңістігіндегі өзара тиімді интеграциялық үдерістерді ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.
