Ресей президенті Владимир Путин көпполярлы әлемді қалыптастырудың күрделі процесі туралы айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Ресей ұлтының бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік марапаттар мен сыйлықтарды тапсыру рәсімін өткізіп жатыр.

«Бүгін жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталатын әріптестеріміз бен достарымызға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Құрметті достар, Ресеймен қарым-қатынасты нығайтуға, әртүрлі ұлттар мен мәдениеттердегі адамдар арасындағы сенімді және келісімді нығайтуға қосқан үлестеріңіз қазіргі кезде, әділетті көпполярлы әлемді қалыптастырудың күрделі процесі жүріп жатқан кезде, ерекше маңызды», — деді Путин.

Сонымен қатар Путин халықтар арасындағы өзара құрмет Ресей егемендігі мен тәуелсіздігінің негізі екенін атап өтті.