Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Цой Сон Химен кездесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында Путин Ресей мен КХДР арасындағы екіжақты қарым-қатынастарға жоғары баға беріп, арнайы әскери операцияға көрсеткен көмегі үшін Корея Халық Демократиялық Республикасының басшылығы мен халқына алғысын білдірді.
Сондай-ақ ол Ресей күштеріне қолдау көрсеткен және мемлекеттік наградаларға ие болған корей әскерилерінің ерлігі Ресейде ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.
Цой Сон Хи өз кезегінде осындай жылы сөздер үшін ризашылығын білдіріп, КХДР басшысы Ким Чен Ынның жақында ғана Ресей Федерациясымен қарым-қатынастарды жан-жақты дамыту жөніндегі стратегиялық бағытқа адалдығын тағы бір мәрте растағанын мәлімдеді.
