Ресей президенті Владимир Путин Газ экспорттаушы елдер форумында (GECF) еуропалық одақ санкцияларының салдары туралы айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Еуропа Ресей Федерациясына қарсы санкциялар енгізу арқылы өз экономикасына соққы жасап отыр», — деп мәлімдеді ол.
Путиннің айтуынша, санкциялар әділетсіз бәсекелестік құралы ретінде қолданылады және түптеп келгенде барлығы үшін, әсіресе оларды енгізгендердің өздері үшін ауыр зардаптарға әкеп соғады.
Ол соңғы уақытта газдың споттық бағасы екі есе өскенін атап өтті.
Ресей президентінің айтуынша, XXI ғасырдың ортасына қарай газға деген жаһандық сұраныс жылына 5,5 триллион текше метрге дейін өседі, ал халықаралық жеткізілім көлемі 1,7 триллион текше метрге жетеді.
