Ресей президенті Владимир Путин денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашкоға Брянск облысында Украина Қарулы күштерінің террористік шабуылынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Брянск облысы губернаторының міндетін атқарушы Егор Ковальчук Украина Қарулы күштері Гомель балалар футбол командасының автобусына шабуыл жасау үшін ұшақ типті ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланғанын хабарлады. Шабуыл салдарынан командамен бірге еріп жүрген әйел көз жұмды, ол жаттықтырушылардың бірінің әйелі болған.

«Владимир Путин денсаулық сақтау министрі Мурашкоға қоңырау шалып, террористік шабуылдан зардап шеккендер мен жараланғандарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шұғыл шара қабылдауды тапсырды», - деді президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Шабуыл кезінде автобус салонында 44 жолаушы болған, оның 28-і жас спортшылар. Шабуыл салдарынан бір әйел қаза тауып, алты адам жарақат алды, оның ішінде төрт жасөспірім бар.