Бішкекте 31 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұйымның 25 жылдығына тұспа-тұс келген саммит Қырғызстанның 2025–2026 жылдардағы ШЫҰ-ға төрағалығы аясындағы басты іс-шара болмақ.
Саммит қарсаңында Ресей, Қазақстан, Қытай, Үндістан, Иран және ШЫҰ-ға мүше басқа да мемлекеттердің көшбасшылары екіжақты кездесулер өткізеді.
