Ресей президенті Владимир Путин ормандағы саяхатында жолбарысты кездестіргенін және оны "тайганың қожайыны" деп атағанын айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз орман арқылы келе жатқан едік, жолбарыс шығып, көліктің алдымен жүре бастады. Ол жердің барлық байлығын көру өте қызықты болды", - деді Путин.

Ресей президентінің айтуынша, Амур жолбарысы, Қиыр Шығыс қабыланы және басқа да сирек кездесетін Қиыр Шығыс жануарлары бүкіл ел үшін ерекше табиғи қазына болып табылады.

"Біз Байкал көлі, Қиыр Шығыстағы өзендерімізді, яғни сезімтал экожүйелерді қорғауға, сондай-ақ Амур жолбарысын, Қиыр Шығыс қабыланы мен басқа да сирек кездесетін жануарларды аймақ пен бүкіл ел үшін ерекше табиғи қазына ретінде қорғауға ерекше назар аударамыз", - деді Путин.

Шығыс экономикалық форумы Владивостокта 1-4 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.

Айта кетері, Ресей Қазақстанға Балқаш аймағында Каспий жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіруге көмектесіп жатыр. Жоба аясында Қазақстанға төрт Амур жолбарысы жеткізілді және олардың бірі жабайы табиғатқа жіберілді.