Қазақстанда психологтардың бірыңғай тізілімі жасалып, кәсіби стандарт енгізілмек. Енді мамандар жұмысты бастамас бұрын клиенттен арнайы келісім алуға және қызмет көрсету туралы шарт жасасуға міндеттеледі, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты жоғары санатты психотерапевт Анар Қаражанова бұл өзгерістердің қалай жүзеге асатынын және маман даярлауда нені ескеру керегін түсіндірді.

«Егер өзін-өзі жұмыспен қамтыған психологтар отбасы, әлеуметтік бейімделу сияқты мәселелер бойынша кеңес берсе, онда «жаңа дөңгелек ойлап табудың» қажеті жоқ деп ойлаймын. Бүкіл әлемде ондай адамдарды коуч деп атайды.»