Фото: Нұрболат Нұржаубай
Қызылорда қаласында өтетін жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай тақырыптарда ойын ортаға салатыны белгілі бола бастады, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында хабарлаған.
«– Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады, – деп жазды Руслан Желдібай.»
—
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары: 2022 жылы – Ұлытауда; 2023 жылы – Түркістанда; 2024 жылы – Атырауда; 2025 жылы – Бурабайда өтті.
