Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы сапарын түркі әлемінің рухани әрі тарихи-мәдени қасиетті орындарының бірі – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барудан бастады.
Президент кесенеде ұлы ойшыл әрі рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауи мен осында жерленген басқа да танымал тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.
