Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

«Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді, – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.»

Бұған дейін XVII жазғы Паралимпия ойындарында спортшы Давид Дегтярев жеңімпаз атанғаны хабарланған еді.