Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімдеріне емханалар мен ауруханалардың құрылысын жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің айтуынша, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту – басым бағыттардың бірі. Өңірлердегі медициналық мекемелердің жағдайына ерекше назар аудару қажет. Әкімдерге жаңа нысандарды салу мерзімдерін қатаң сақтау және сапасын бақылау тапсырылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы халықтың сапалы медициналық қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарын үйлестіруді күшейтуді тапсырды. Бұл шаралар денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту аясында жүзеге асырылады.