Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен ұлттар ұйымының бөлімшесі және өзге де халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Ержан Қазыханға жаңа қызметтік міндет жүктелді, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ порталы.

Атап айтқанда, ол Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Өкілі ретінде жұмыс істейтін болады.