Португалия полициясы ел жағалауында 2,6 тоннадан астам кокаин тәркіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тәркілеу операциясы Португалияның оңтүстік жағалауында жүргізілді. Полиция қызметкерлері кокаинді кемеден түсіріп жатқан кезде ұстады. Бұл ел тарихындағы ең ірі есірткі ұстау оқиғаларының бірі болып табылады.

Ұсталған кокаиннің нарықтық құны әлі анықталмаған. Полиция тергеу амалдарын жалғастыруда.