Porsche компаниясы 2035 жылға қарай бес жұмыс орнының бірін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қысқартудың себебі Қытай нарығындағы қиындықтар мен электр көліктеріне сұраныстың төмендеуі болып отыр. Компания шығындарды азайту және бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында қайта құрылымдау жүргізеді.