Польшада Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесі талқылануы қажет, деп мәлімдеді елдің сыртқы істер министрі Радослав Сикорский. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ресей зымырандарын Украина аумағында-ақ қағып түсірген дұрыс па, әлде олардың Польша әуе кеңістігіне жеткенін күтіп отыру керек пе – осы мәселені жан-жақты талқылау қажет. Бұл тақырып партияаралық саяси тартыстың құралына айналмауға тиіс», – деді Радослав Сикорский.

Оның сөзін PAP агенттігі жариялады. Польша министрі қазіргі уақытта Украина Ресейдің баллистикалық зымырандарына қарсы тұра алмайтынын айтты.

30 шілде күні таңертең Польша әскери күштері елдің әуе кеңістігінде белгісіз ұшатын нысанның анықталғанын және оның құлаған болуы мүмкін орнын, атап айтқанда диаметрі шамамен он метр болатын шұңқыр табылғанын хабарлаған.