Польша Украинаға SAFE кредиттік бағдарламасы арқылы сатып алынатын қару-жарақты жібермейді. Бұл туралы республиканың қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әңгіме Еуропалық Одақ елдеріне әскери және стратегиялық инфрақұрылымды нығайтуға, қару-жарақ сатып алуға, киберқауіпсіздік пен қорғаныс технологияларын дамытуға арналған ұзақ мерзімді әрі төмен пайыздық кредиттер беру тетігі туралы болып отыр.

Кеше Варшава осы бағдарлама аясында шамамен 43,7 миллиард еуро алуға мүмкіндік беретін кредиттік келісімге қол қойды. "Қазір бұл қаражаттың бәрі Украинаға жіберіледі деген жалған ақпарат тарады. Ешқандай әскери техника да, осы техникадан бірде-бір бөлік те (Украинаға – ред.) берілмейді", — деді Косиняк-Камыш Польша Сеймінде сөйлеген сөзінде.

Министрдің айтуынша, SAFE бағдарламасы бойынша қаражат алатын Польша Қарулы күштерін қолдау қоры тек елдің өз армиясын қаржыландырады. "Заңда солай жазылған және ол дәл солай жүзеге асырылады", — деп толықтырылды ол.