Қазақстан полициясы халықты интернет арқылы ұсынылатын күмәнді инвестициялық жобаларға сенбеуге шақырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алаяқтар өздерін брокер, инвестициялық компания қызметкері немесе қаржы сарапшысы ретінде таныстырып, "жоғары табыс", "кепілді пайда", "тәуекелсіз инвестиция" деген уәделер береді.

Полицияның мәліметінше, алдымен алаяқтар аз мөлшерде ақша салуды сұрап, жалған сайт немесе қосымша арқылы қаражаттың өсіп жатқанын көрсетеді. Кейін "инвестицияны көбейту", "комиссия төлеу", "шотты бұғаттан шығару" деген сылтаулармен қосымша ақша талап етеді.

Ақшаны шешіп алу кезінде сайт істемей қалады, аккаунт бұғатталады немесе "кеңесші" байланысқа шықпай қояды. Осылайша, "жоғары табысқа" сенген адам барлық қаражатынан айырылады.

Алаяқтықтан сақтану үшін полиция келесі кеңестерді ұсынады:

  • 01100% кепілдікпен жоғары табыс уәдесіне сенбеу;
  • 02"Бірнеше күнде ақшаңызды бірнеше есе көбейтеміз" деген ұсыныстарды елемеу;
  • 03тез шешім қабылдауға мәжбүрлейтін адамдардың сөзіне ермеу;
  • 04бейтаныс адамдардың нұсқауы бойынша ақша аудармау;
  • 05карта деректері, CVV және SMS-кодтарды ешкімге бермеу;
  • 06күмәнді сілтемелерге өтпеу мен белгісіз қосымшаларды орнатпау.