Швед электромобиль өндірушісі Polestar АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің қысымымен елдегі сатылымды тоқтатуға мәжбүр болғанын хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияның мәлімдемесінше, АҚШ әкімшілігінің сауда саясаты Polestar-дың американдық нарықта жұмыс істеуін мүмкін емес етті. Polestar бұл шешімнің компанияның жаһандық стратегиясына әсер ететінін, бірақ басқа нарықтардағы жұмысын жалғастыратынын атап өтті.