«Маңғыстау – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызында қызға тиіскен 69 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бойжеткеннің айтуынша, пойызда белгісіз ер адам оның тізесінен ұстаған. Оқиғадан кейін Қызылорда станциясындағы көліктегі полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады.

«Қызылорда қаласының 69 жастағы тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны және түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Тыныштықты бұзғаны үшін ер адамға айыппұл салынды. Ал ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жиналған материалдар соттың қарауына жіберілді.