«Жолаушылар тасымалы» АҚ ұлттық тасымалдаушы барлық бағытта пойыз билеттеріне 10%-дық жеңілдік енгізеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Компания мәлімдемесінде жеңілдіктің нақты мерзімі көрсетілген: 2026 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін жолақы 10%-ға төмендетіледі.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының билеттеріне жеңілдік енгізілетінін хабарлайды. 2026 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін жолақы 10%-ға төмендетіледі», — делінген компания мәлімдемесінде.
Компания жеңілдік қала маңындағы пойыздарды қоса алғанда, барлық вагон түріне қолданылатынын хабарлады.
«Осылайша, жолаушылар күзгі және қысқы кезеңде жол жүру үшін билеттерді жеңілдетілген бағамен сатып ала алады», — делінген мәлімдемеде.
Билеттерді ресми сайттан және теміржол вокзалының билет кассаларынан сатып алуға болады.
