Оқу-ағарту министрлігі PISA-2025 зерттеуі бойынша математика мен жаратылыстану пәндерінен үздік өңірлерді атады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық зерттеуге сәйкес, Астана мен Солтүстік Қазақстан облысы жаратылыстану, математика және оқу сауаттылығы бойынша барлық үш бағытта да үздік үштікке еніп, жоғары және тұрақты нәтиже көрсетті.

Жаратылыстану пәні бойынша үздіктер:

  • 01Солтүстік Қазақстан облысы
  • 02Астана
  • 03Қостанай облысы

Математика бойынша үздіктер:

  • 01Жамбыл облысы
  • 02Астана
  • 03Солтүстік Қазақстан облысы

Оқу сауаттылығы бойынша үздіктер:

  • 01Астана
  • 02Қостанай облысы
  • 03Солтүстік Қазақстан облысы

Министр Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, PISA нәтижелерін жекелеген өңірлердің жетістігін бағалау ретінде ғана емес, ең алдымен білім сапасын одан әрі арттырудың құралы ретінде қарастыру қажет.

"Тұрақты жоғары нәтиже көрсетіп отырған өңірлердің тәжірибесін жан-жақты зерделеп, тиімді практикаларды айқындау және оларды тарату маңызды. Сонымен қатар нәтижелері жұмысты күшейтуді қажет ететін өңірлерге ерекше назар аударылуы тиіс", - деді Сүлейменова арнайы кеңесте.

Жергілікті басқармалар мен ұйымдар білім беру жағынан айырмашылықтарды қысқарту бойынша тиісті шараларды қолға алуы керек.