Петропавлдағы бетон зауытында болған жарылыстан зардап шеккен жұмысшы көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның денесінің 95 пайызын күйік шалып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. Бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы растады.

«Науқас жансақтау бөлімінде ем қабылдады. Дәрігерлердің көрсеткен барлық көмегіне қарамастан, науқас қайтыс болды», – дейді басқарма мамандары.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 8 шілдеде бетон өндіретін кәсіпорында болған. Техникалық май құйылған цистерна жарылып, салдарынан 51 жастағы жұмысшы жарақат алған.