Петропавлда бесінші қабат терезесінен құлай жаздаған екі кішкентай баланы полиция отбасынан алып, қамқорлық органдарына тапсырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 15 маусым күні қала орталығындағы бес қабатты үйде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, әкесі үйде ұйықтап жатқан, ал анасы балаларға пицца сатып алуға кеткен. Telegram-арнаның хабарлауынша, ата-ананың екеуі де мас күйінде болған.

Осы кезде үш жасар ұл мен төрт жасар қыз терезе алдына шығып, подоконникке өрмелеген.\n Шамамен сағат 21:00-де балаларды СҚО ПД өңдеу орталығының қызметкері Ержан Тамышев байқаған. Ол досынан 102 арнасына қоңырау шалуды және балалардың назарын аударуды өтініп, өзі кіреберіске жүгірген.

Белгілі болғандай, балалар пәтерде құлыптаулы болмаған. Есікті полицейлерге мас әкесі ашқан.

Арнаның мәліметінше, отбасы Жезқазғаннан келген және Петропавлда пәтер жалдап тұрған. Бұған дейін ата-ана бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Полиция қызметкерлері материал жинады. Бүгін ата-ананы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қараймыз, содан кейін ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру үшін материалды сотқа жіберу шаралары қабылданады», — деді СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.

Балалар отбасынан алынып, қамқорлық органдары оларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды.

Бұған дейін «Курсив» Павлодарда үшінші қабат терезесінен төрт жасар қыздың құлап кеткені туралы хабарлаған.