Петропавлда 17 жастағы жасөспірім жанжал барысында пышақ жарақатын алды, деп хабарлады СҚО полиция департаменті, деп хабарлайды qazaqyia.kz/.

Бүгін Петропавлдағы колледж жатақханасында студенттер спирттік ішімдік ішіп, арты жанжалға ұласқан.

Соның салдарынан 17 жастағы жасөспірім қолынан пышақ жарақатын алған.

««Ұрыс-керіс құрдастар арасында шыққан. Олардың барлығы бірінші курс студенттері. Қазіргі уақытта Петропавл қаласы полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері істің мән-жайын анықтап жатыр. Болашақта осындай фактілер қайталанбас үшін барлық тиісті шара қолданылады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — делінген хабарламада.»

qazaqyia.kz/