Петропавлда сот ер адамды автобуста бейтаныс әйелге қорлайтын әрекет жасағаны үшін ұсақ бұзақылық бойынша кінәлі деп таныды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс қаланың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды.

Оқиға 7 қазанда шамамен 18:30-да №4А автобусында болған. Сот деректері бойынша, ер адам қоғамдық тәртіпті және жолаушылардың тыныштығын бұзған.

«Ер адам кінәсін толық мойындады, құқық бұзушылық мән-жайларын растады», — делінген сот хабарламасында.

Оның әрекеттері Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша сараланды және 15 тәулік әкімшілік қамау тағайындалды. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін «Курсив» Алматыда бейтаныс қария автобус жолаушысына шабуыл жасап, оны тұншықтыра бастағаны туралы жазған болатын. Сот оған 10 тәулік әкімшілік қамау тағайындады. Ал қарсаңында мегаполисте автобуста пышақ сермеген бұзақы қамауға алынды.