Петропавлда өз анасын пышақтап өлтірген әйелге сот үкім шығарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қылмыс былтыр 15 қазанда болған. Әйел өз үйінде анасына жақындап келіп, сол жақ кеудесіне асхана пышағын бар күшімен сұққан. Прокурор сотталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ жәбірленуші соттан қатаң жазаламауды сұрады.
Сотталушы кінәсін ішінара ғана мойындаған, бірақ қатты өкінетіндігін айтқан. Сот үкімімен ол 9 жыл бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
