Солтүстік Қазақстан облысында саяжайдан қайтып келе жатқан әйелді белгісіз ер адам зорламақ болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға туралы әлеуметтік желіде тарады. Қала тұрғыны саяжайдан велосипедпен қайтып келе жатқан. Ол ауыл маңындағы айналма жолға жақындағанда алдынан егде жастағы ер адам шыққан. Ол әйелге сиыр іздеп жүргенін айтқан. Оқиға түс әлетінде болған.

Дәл сол сәт ер адам әйелді жерге алып ұрып, тұншықтыра бастаған. Жанталасып арпалысып жатқанда әйелдің көзі жолдан өтіп бара жатқан адамға түседі. Әйел осы сәтті пайдаланып, қаша жөнелген. Ол бірден жолға қарай жүгіріп, кездесе кеткен адамнан көмек сұраған.

Полиция әйелге тиісті деген күдікпен 62 жастағы ер адамды ұстап, қамауға алды. Петропавл қаласының 54 жастағы тұрғынына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға оқталу фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Полиция қызметкерлері облыс орталығының 62 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, - дейді Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті. Қазір тергеу жүріп жатыр.