Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, Петропавл мен Қостанайда Мемлекеттік Дума сайлауына қатысты мерзімінен бұрын дауыс беру жақсы әрі достық атмосферада өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Елшіліктің мәлімдеуінше, адамдар отбасыларымен толық құрамда келіп, болып жатқан оқиғаларға шынайы қызығушылық танытты. Ресейлік дипломаттар Петропавл мен Қостанай қалаларының әкімдіктері мен полиция бөлімшелеріне ерекше алғыс білдірді.
"Сайлау процесін ұйымдастыру жоғары деңгейде болды, ал дауыс беру тыныш, бірқалыпты және қауіпсіз өтті", — делінген мәлімдемеде.
Алдағы демалыс күндері елшілік комиссиясы Павлодар мен Қарағандыда мерзімінен бұрын көшпелі дауыс беруді өткізуді жоспарлап отыр.
