Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ президентінің өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің қазан айында Мәскеуге баратыны жөнінде Кремльге белгісіз екенін тілшілерге айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Песков америкалық келіссөз жүргізушілердің қазан айында Ресей астанасына баруы мүмкін бе деген сұраққа жауап бере отырып: «Бұл сапар болуы әбден мүмкін, бірақ біз оның осы күндері болатынын білмейміз», – деді.

Ол Ресей президенті Владимир Путин Стив Уиткофф пен Джаред Кушнермен кездесуге әрдайым қуанышты екенін жеткізді.

Сонымен қатар Песков АҚШ пен Ресей президенттерінің телефон арқылы сөйлесуі жөнінде ақпарат берді. Оның мерзіміне қатысты сұраққа ол қысқа қайырып: «Жақында», – деп жауап берді.

Бұған дейін Уиткофф пен Кушнердің қазан айында Мәскеуге баруы мүмкін екені туралы Axios хабарлаған болатын.