Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мен Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің Украинадағы реттеу процесіне үлес қосуға деген ниетін құптады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей басшысы БРИКС саммитіне қатысу үшін 11-13 қыркүйек аралығында Нью-Делиге барды. Саммит аясында Путин бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

«Шынында да, Нью-Делидегі кездесулер барысында төраға Си мен премьер-министр Моди Украина мәселесіне ерекше қызығушылық танытып, қажет болған жағдайда оны реттеу ісіне өз елдерінің атсалысуға дайын екенін білдірді. Президент Путин мұны оң қабылдады», — деді Песков тілшілерге.

Ресей мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Путиннің Си Цзиньпин мен Модиге реттеу процесіне қатысты істің нақты жай-күйі және майдандағы ахуал жөнінде қосымша түсініктемелер бергенін атап өтті.

Бұған дейін Үндістан премьер-министрі Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу қажеттігін мәлімдеген болатын.