Перу Эль-Ниньо құбылысынан күтілетін қатты жаңбырларға байланысты ел аудандарының 40%-нда төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдай режимі алдағы айларда су тасқыны мен көшкін қаупін азайтуға бағытталған. Эль-Ниньо әдетте Оңтүстік Американың батыс жағалауында қатты жауын-шашын әкеледі.
