Оқу-ағарту министрлігі педагогтер толтыруы міндетті құжаттар санын 5-ке дейін азайтуды көздеп отыр. Бұл туралы бүгінгі үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрдің айтуынша, ведомство 2020 жылы бекітілген педагогтер толтыруға міндетті құжаттарға қатысты бұйрықты зерделеді. Бүгінгі таңда 25 құжатты толтыру тізбесі бекітілген. Енді олардың санын қысқарту қарастырылады.
«Министрлік педагогтерге қысым көрсету, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру, сонымен бірге мұғалімдер мен оқушылар арасындағы жанжалдарға байланысты жағдайларды зерделейтін болады. Әрбір өтініш жан-жақты қаралады», — дейді министр.
Осылайша, министрлік мұғалімдердің құжаттамалық жүктемесін азайтуды және олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Аталған бастама педагогтердің кәсіби қызметіне кедергі келтіретін артық есептілікті жоюға бағытталған.
