Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Аида Аблаева ММА-дан «2026 IMMAF World Championships» әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыс туралы

Жарыс 1-7 қараша аралығында Грузияның Тбилиси қаласында өтіп, оған 60 елден 850-ден астам спортшы қатысты.

Салмақ дәрежесі

Аида 18-20 жас аралығындағы спортшылар арасында 52,2 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Чемпионатқа жолдама

Биыл қазан айында спортшы АММА-дан Қазақстан чемпионы атанып, әлем біріншілігіне жолдама алған болатын.