Павлодар облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бұрынғы басшысы, подполковник Бекзат Оразовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті оған қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі ресми түрде растады.
Ведомствоның хабарлауынша, бұған дейін қорғаныс министрінің тапсырмасымен Бекзат Оразовқа қатысты қызметтік тексеріс жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша подполковник атқарып отырған лауазымынан босатылған болатын.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр. Істің басқа мән-жайы әзірге жарияланбады.
Фото: Әлеуметтік желіден
