Бүгін Павлодарда болған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында екі адам қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, Mitsubishi Carisma көлігі Назарбаев жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Одан кейін жарық бағанасы мен аялдамаға соғылған. Көлік аударылып кетті.
Полицейлердің айтуынша, екі жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде оқиғаның мән-жайы анықталады.
Айта кетері, байсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол апаты үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
