Павлодарда жедел жәрдем көлігі адам қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызметтік көлік дәл жаяу жүргіншілер өткелінде адам қағып кеткен. Дәрігерлер жәбірленушіге бірден көмек көрсетіп, №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізді.

«Науқас 76 жаста. Жағдайы орташа ауыр», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр. «7 шілде күні жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Сәтбаев көшесімен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті», - дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.