Павлодарда екі зейнеткер банк бөлімшесіне кіріп, петарда лақтырып, бір адам жарақат алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 15 шілде күні сағат 16:30 шамасында Павлодар қаласындағы банк бөлімшелерінің бірінде болған. Екі зейнеткер әйел банкке кіріп, бірі торт ұстаған, екіншісі петарданы жағып, еденге лақтырған. Петарданың жарылуынан бір адам жеңіл жарақат алған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, зейнеткерлерді ұстаған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
