Павлодар қаласының теміржол вокзалында пойыз басып кетіп, аяғынан айырылған 22 жастағы жігіт сегіз күннен кейін ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 2004 жылы туған азамат 2026 жылғы 30 қыркүйекте аса ауыр жағдайда Г. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жеткізілген.
Науқас ауыр жарақат алып, сол жақ аяғынан айырылған. "Оған шұғыл ота жасалып, кейін бірнеше рет хирургиялық ота жүргізілген. Сондай-ақ қарқынды терапия мен реанимациялық шаралар қабылданған. Алайда дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, алған жарақаттарының ауырлығынан жас жігіт 8 қазанда көз жұмды", – деп хабарлады жедел жәрдем станциясы.
Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға байланысты Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
