Павлодарда өгей қызына бірнеше жыл бойы зорлық жасаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, ер адам өгей қызына алғаш рет 8 жасында тиіскен. Қылмыстық әрекетін ол үш жыл бойы жалғастырған.
Павлодар облысының соты: "Сот үкімімен сотталушы өмір бойына сотталды. Ол сондай-ақ кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық лауазымдарды өмір бойына атқару құқығынан айырылды", - деп мәлімдеді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
