Павлодар қаласында құтқарушылар медициналық орталықта болған өртті сөндірді.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін қаладағы 5 қабатты тұрғын үйде орналасқан медициналық орталықтардың бірінде жиһаз бен заттар жанған.

Өрт сөндірушілердің күшімен ауданы 10 шаршы метр аумаққа тараған өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр.